Биыл Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығы атап өтіледі

Биыл Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығы атап өтіледі


Мәдениет және спорт министрлігі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебінде жыл аяғына дейін жоспарланған мерейтойларға тоқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мерейтойлық іс-шаралардың тұжырымдамалық күн тәртібі идеологиялық, ағартушылық мазмұнға толы және сапалы іс-шараларды өткізуге негізделген», - деді министр.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанның Халық Қаһарманы Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығын, КСРО-ның Халық әртісі Әлібек Дінішевтің 70 жылдығын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу жоспарланып отыр.