Бірнеше облыста мектептерде сабақ тоқтатылды

Бірнеше облыста мектептерде сабақ тоқтатылды

Қатты аязға байланысты Қазақстанның бірнеше облысындағы мектептерде сейсенбі күні де сабақ тоқтады. 23 қаңтарда аяз күшейгендіктен Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында және Астанада 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде -35, -38 градусқа дейін жеткен.

Павлодар және Қарағанды облыстарында және Қостанайда 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы облыстарда аяздың күшеюінен 22 қаңтардан бері мектептерде сабақ тоқтатылып жатыр.

Айта кетейік, "Қазгидромет" 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен еді.