Танымал әнші Зарина Омарова әлеуметтік желіде тараған видеосына байланысты сынға қалды, деп хабарлайды ult.kz.
Желіде жариялаған бейнежазбада ол марқұм апасының бейітінің басында «Анашым» әнін орындаған.
«Шымкентке келген сайын апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым», – деп жазған ол.
Алайда бұл әрекет желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызып, бір бөлігі әншіні сынға алған.