Бас жүлде үшін шоколад пен монумент берген: Зағип жігіт 35 елдің өкілін басып озған

Бас жүлде үшін шоколад пен монумент берген: Зағип жігіт 35 елдің өкілін басып озған
Коллаж: ult.kz

Қазақстандық жас пианист 35 елдің өкілін басып озып, халықаралық байқауда жеңіске жетті, деп хабарлайды ult.kz.

Лондонда өткен «Golden Time Talent» халықаралық байқауында қазақстандық жас пианист Абылайхан Мұстафин 35 елден келген қатысушылар арасынан үздік атанды.

Туғаннан көзі көрмейтін өнерпаз фортепиано номинациясында бас жүлдеге ие болды.

Жеңістен кейін Абылайхан Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне шақырылып, оған Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің шағын мүсіншесі табысталған.

Алайда елшілік ұсынған сыйлық әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Желіде ерекше жетістікке жеткен жас өнерпазға берілген сыйлықтың деңгейі талқыланып, елшілікке қатысты сын айтылды.