Барахолкадағы қоймалардан өрт шықты (Видео)

Барахолкадағы қоймалардан өрт шықты (Видео)

Алматыда «барахолка» базары маңы қою қара түтінге көмілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түскі 13:41 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекші пультіне Жетісу ауданы, Москвин көшесі 7 мекенжайындағы ғимарат, яғни "Адем" сауда орнының артындағы қоймалардың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 5 минутта жетті. Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатыр.