«Баланы сатып алуға болады деу – шектен шығу»: Тұрсынғали Алагөзов Ляйсира Маратқа жауап берді

«Баланы сатып алуға болады деу – шектен шығу»: Тұрсынғали Алагөзов Ляйсира Маратқа жауап берді
ашық дереккөз

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов бұрынғы әйелі Ляйсира Мараттың бала мен франшизаны салыстырған сөзіне әлеуметтік желіде жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін Ляйсира Марат шамамен бес жыл бұрын «бизнесфертильность» деген термин ойлап тапқанын айтқан. Оның түсіндіруінше, бұл идея туу қабілеті. Ол идеяны балаға теңеп, суррогат ана тақырыбын франшизамен салыстырған.

«Идея – бала сияқты. Қазір мен артифишл немесе жобалар туралы айтып тұрған жоқпын. Мысалы, суррогат балалар. Мұны франчайзингпен салыстыруға болады. Франшиза – біреудің идеясы, оны біреу дүниеге әкелді. Бірақ сен оны сатып алып, жалғастыра аласың. Бірақ бұл сенің балаң емес, сен оны жай ғана өсіресің», – деген Ляйсира Марат.

Осы сөздерден кейін Тұрсынғали Алагөзов өз жазбасында балаларды «франшиза» ұғымымен салыстыруға қарсылық білдірді.

«Балаларды «франшизамен» салыстыру, баланы «сатып алуға болады» және ол «сенің балаң емес» деу – менің түсінігімде шектен шығу», – деп жазды ол.

Алагөзовтің айтуынша, бала дүниеге қалай келгеніне қарамастан, оның отбасындағы орны мен ата-анасының оған деген махаббаты өзгермейді.

«Балалар – тауар емес, бизнес-жоба емес және арзан салыстырудың нысаны емес. Олардың дүниеге келу тәсілі ата-анасының махаббатының күшін, олар үшін жауапкершілігін және отбасындағы орнын анықтамайды», – деді ол.

Кәсіпкер балаларын жақсы көретінін, тәрбиелеп өсіретінін және әрдайым қорғайтынын жазды.

«Ересектер бір-бірімен қанша қаласа, сонша қарым-қатынасын анықтай алады. Бірақ оған кішкентай балаларды араластыру – орынсыз. Әрбір тәрбиелі адамның аттамайтын шекарасы болады. Балалар – сол шекаралардың бірі», – деп жазды Алагөзов.