Қазақстандық продюсер Бағым Мұхитденова Threads парақшасында ер адамның сүйген әйелінен кетуі туралы пікірін жазды. Оның бұл жазбаны кімге қарата айтқаны белгісіз, деп хабарлайды ult.kz.
«50 жаста түсінгенім және бұл – нақты! Ер адам өзінің сүйікті әйелін (әйелі немесе көңілдесі болғаны маңызды емес) ешқашан тастамайды. Ал егер ол кетсе, демек, сені жай ғана сүймейді», – деп жазды ол.
Продюсердің жазбасынан кейін оқырмандар оның бұл сөзді нақты кімге меңзеп отырғанын талқылай бастады. Кейбірі Бағым Мұхитденова бұл пікірін немере сіңлісі Аша Матайға қатысты айтты деп болжаған.
Бұған дейін Аша Матайдың күйеуі Арман Қоңырдың Қытайдағы саяхаты көпішіліктің назарын аудартқан еді.