Бағдаттағы әскери бекетке шабуыл кезінде 11 адам қаза тапты

Бағдаттағы әскери бекетке шабуыл кезінде 11 адам қаза тапты

Бағдаттың батыс бөлігіндегі әскери бекетке белгісіз біреулер шабуыл жасап, салдарынан 11 адам қаза тапты. Тағы 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Полицияның және дәрігерлердің хабарлауынша, шабуылдаушылар төрт көлікпен Бағдат қаласының Әл-Радвания ауданындағы әскери бекетке шабуыл жасаған. Содырлар граната мен автоматтар қолданған. 

Әскер мен полиция күштері шабуылдаушыларды ұстауға әрекеттеніп жатыр.