«Б» корпусы лауазымына үміткерлер мемлекеттік тілден тест тапсырады

«Б» корпусы лауазымына үміткерлер мемлекеттік тілден тест тапсырады

Мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілінен тест өткізу жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық салаларында, оның ішінде мемлекеттік басқаруда қолданылуының құқықтық негіздері бекітілген. Оны оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі міндеттер айқындалған. Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді»,- деді Үкімет басшысы. 

Оның атап өтуінше, мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. 

«Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша шекті мән белгілей отырып, тестілеуден өткізуді енгізу жоспарланған», - деді Асқар Мамин.