Freedom Inside '26

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың отбасы Мәскеуден Алматыға көшіп келді

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың отбасы Мәскеуден Алматыға көшіп келді
Фото: saburova_diana

Комиктің жұбайы Диана Сабурова Алматыға қоныс аударғанын Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Диана Сабурова жазылушыларының сұрақтарына жауап бере отырып:

— «Көп адам менің мұнда қонаққа келген-келмегенімді сұрап жатыр. Жоқ, енді мен Алматыда тұрақты тұрамын», — деп жазды.

Биыл ақпанда Ресей билігі стендап-комик Нұрлан Сабуровтың елге кіруіне 50 жыл мерзімге тыйым салған болатын. Ол Дубайдан келгеннен кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталып, кейін Қазақстанға депортацияланған.

Маусым айының басында Қазақстанның Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіСабуровқа қатысты жүргізілген тексеруді аяқтады. Тексеру интернетте оның Вагнер жеке әскери компаниясымен байланысы бар жауынгерлерге мотоцикл тапсырғаны бейнеленген видео тарағаннан кейін басталған еді.