Азия ойындары-2026: Қазақстан атынан сынға түсетін каратэшілердің есімі белгілі болды

Азия ойындары-2026: Қазақстан атынан сынға түсетін каратэшілердің есімі белгілі болды
Kaz_Karateofficial

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын каратэден Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Жаттықтырушылар штабы бекіткен тізім мынадай:

Ерлер:

Жоламан Биғабыл (-55 кг)

Олжас Алтынбек (-67 кг)

Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

Әйелдер:

Бэлла Самашева (-55 кг)

Әсел Қанай (-61 кг)

Софья Берульцева (+68 кг)

Ұлттық құраманың бас бапкері - Берік Қасенов. Аға жаттықтырушылар - Бақтияр Тоқсейітов, Мирас Шамов.

Қазір Қазақстан құрамасы Жапонияның Юки қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Қазақстан командасы сапындағы барлық спортшы кумите бағдарламасында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, XX жазғы Азиада кезінде каратэ шеберлері ойындарды алғаш болып бастайды. Олар салтанатты ашылу рәсімі өткен соң татамиге 20-23 қыркүйек аралығында шығып, барлығы 15 жүлде жиынтығының иегерін анықтайды. Ереже бойынша әр команда тек 6 дисциплина таңдап, спортшы апара алады.