Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев испан боксшысы Хуан Окурамен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Жекпе-жек тең дәрежеде басталды. Испан боксшысы жиі соққы жұмсағанмен, жерлесіміз сауатты қорғана білді. Айдар сәт сайын шабуыл жасап, Окураның осал тұсын іздеп бақты. Алайда қос боксшы да бірін-бірі ала алмай, алты раундқа дейін айқасты. Соңғы раундқа дейін тартысып, талас тағдырын төрешілер шешті. Қазылардың шешімімен, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Бұл кездесу Айдардың төртінші жекпе-жегі. Ол жақында ғана грузиялық боксшы Заза Амирадзені бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Айта кетсек, бүгінгі бокс кешінде алғаш боп шаршы алаңға көтерілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жұман Жұмабеков беларусь боксшысы Владимир Ивановты айқын басымдықпен жеңді.

"Ұлт ақпарат"