Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды

Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды

Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды, деп хабарлайды ВВС.

Вакцинаның сенімділігіне халықтың көзін жеткізу үшін алғашқылардың бірі болып елдің премьер-министрі Скотт Моррисон екпе алды. Оған коронавирусқа қарсы екпе егу сәті телеарнадан көрсетілді. Вакцинаның бірінші дозасын алған алғашқы науқас – 85 жастағы Джейн Малысяк. 

Кампанияның алғашқы күні шағын топ вакциналанды: негізінен, медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары. 

Апта ішінде 60 мың адамға вакцина егу жоспарланып отыр. Аустралия қазіргі уақытта пайдалануға Pfizer и AstraZeneca вакцинасын мақұлдады. 

Аустралияда пандемия басталғалы 29 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 909-ы қайтыс болды.