Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды


Қазгидромет 13 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысының шығысында түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Атырау облысының батысында және шығысында найзағай, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 

13 сәуірде күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Жел шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 

13 сәуірде Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 

Алматы облысында түнде және таңертен оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында, күндіз шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 18-23, екпіні 29 м/с.