Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды


Қазгидромет 17 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с

Күндіз 17 қыркүйекте Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстік-шығысында, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғатын жел, күші түнде орталығында және облыстың батысында, күндіз орталығында және облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м / с, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді. 

Түнде 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Күндіз 17 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.