Бас прокуратурның хабарлауынша, Атырау облысы Жылыой ауданында 62 заңсыз қоқыс орны анықталған, деп хабарлайды ult.kz.
Үйінділер Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Қосшағыл, Жем, Ақкиізтоғай, Қараарна және Майкөмген ауылдық округтерінің аумағында 51 учаскеде тіркелген.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою шаралары нәтижесінде Құлсары қаласының әкімі, Жаңа Қаратон кентінің әкімі және 5 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өндіріліп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 227 мың теңге.
Сондай-ақ жыл басынан бері елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ауданның 495 тұрғынына шара қолданылған.