Атырауда төрт елден келген 26 адам карантинде жатыр

Атырауда төрт елден келген 26 адам карантинде жатыр

Атырау облысында төрт елден ұшып келген 26 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Олардың 3-еуі Италиядан, 10-ы Германиядан, 12-сі Испаниядан, біреуі Франциядан келген. Бәрі 1 «А» санаты бойынша облыстық туберкулезге қарсы диспансердің стационарында 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Ал, 1 «Б» санатымен 5 адам бақылауға алынды. Олар да осынша уақыт үй жағдайында қадағалауда болады. 2-санат негізінде тұрғылықты жерінде медицина қызметкерлерінің күн сайын қоңырау шалуы арқылы бақылауында 26 адам бар», - деді Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Балкенже Қабирова.