Атырауда өзенге сүйек толы қап лақтырған адам видеоға түсіп қалды

Атырауда өзенге сүйек толы қап лақтырған адам видеоға түсіп қалды


Атырауда 15 мамырда ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Кейін қапта сүйек болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға сағат 21:00-де қаладағы Мечников көпірінде болған. Бұл әрекеті Атырау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлімімен "Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау" әкімшілік хаттама толтырды. 1977 жылғы ер адам қара түсті қоқыс салатын қапқа садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтты", - дейді Атырау ПБ баспасөз қызметіндегілер. 

Қала тұрғынына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.