Freedom Inside '26

Атырауда 5 жастағы қыз каналға құлап, қаза тапты

Атырауда 5 жастағы қыз каналға құлап, қаза тапты
24.kz

Атырау қаласына қарасты Тасқала елдімекенінде 5 жастағы қыз каналға түсіп кетіп, көз жұмды. Бүлдіршіннің денесі бірнеше сағатқа созылған іздестіру жұмыстарынан кейін жақын маңдағы каналдан табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаменті растады. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 17:00 шамасында болған. Жақындары кішкентай қызды бірер минутқа көзден таса қалдырған.

Іздестіру шараларының нәтижесінде бүлдіршіннің денесі сол күні сағат 23:00 шамасында каналдан табылды.

Осыған байланысты полиция ата-аналарды балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне мұқият қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.