Хиджаб дауы. Атырау облысында 53 оқушы мектепке бармай отыр

Хиджаб дауы. Атырау облысында 53 оқушы мектепке бармай отыр

Атырау облысы бойынша діни сеніміне байланысты мектепке бармай отырған оқушылар саны бүгінде 53-ке дейін азайды, - деп жазады atpress.kz сайты.

Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында жергілікті білім беру басқармасының бөлім басшысы Байжан Шамұратов мәлімдеді.

«Оқу жылының басында мектепке хиджабпен келген оқушылар саны 328 болатын. Ата-аналармен арада жүргізілген түсінік жұмыстарының нәтижесінде оқушылар саны айтарлықтай азайды. Қазір мектеп формасын қабылдаудан бас тартып отырған оқушылар саны – 53. Оның ішінде 32 оқушы - Атырау қаласы, 20 оқушы - Жылыой және бір оқушы Қызылқоға ауданы бойынша тіркеліп отыр. Мемлекет - дінге қарсы емес. Бірақ, заң барлығына ортақ. Мектеп формасы бәрібір сақталуы тиіс», - деп атап өтті спикер.