18 қазанда ауа райы қандай болады?

18 қазанда ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

18 қазанда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Қиыр батыста жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Бірқатар өңірде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C болады. Алматыда жауын-шашынсыз, түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C күтіледі. Шымкентте де жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура +6…+8°C, күндіз +20…+22°C болады. 

Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады: түнде −1…−6°C, оңтүстігінде +2°C, күндіз +15…+20°C болады. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр күтіледі. Өңірде күндіз +10…+15°C болып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Атырау облысының бірқатар ауданында шаңды дауыл көтеріліп, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Жетісу облысында және Алматы облысының солтүстігі мен батысында түнде 1–7 градус үсік жүреді. Түркістан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1–2 градус үсік күтіледі.