Атырау әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Атырау әкімі өз еркімен қызметінен кетті
atr.kz

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қызметінен өз еркімен кетті. Оның отставка туралы өтінішін облыс әкімі қанағаттандырды, деп хабарлайды ult.kz.

Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі қызметіне 2023 жылғы 10 шілдеде тағайындалған.

Ол бұған дейін түрлі мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтер атқарған. 2023 жылдың наурыз айынан бастап қала әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Сауда және интеграция министрлігі Сауда департаментінің басшысы болды.

Қазіргі уақытта Атырау қаласы әкімінің міндетін кім атқаратыны әзірге нақтыланған жоқ.