Атырау әкімі мен оның орынбасары ұсталған жоқ – адвокат

Атырау әкімі мен оның орынбасары ұсталған жоқ – адвокат
Politico.kz

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мен оның орынбасары Мейіржан Мұқасов қылмыстық іс аясында тек сұрақ-жауапқа шақырылған, ал олардың қамауға алынғаны туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ult.kz. 

Бұл туралы адвокат Нұрлан Жолболов мәлімдеді. 

Заңгердің айтуынша соңғы күндері БАҚ-та Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қала басшылығын ұстағаны туралы қауесет тараған. Ол құқық қорғау органдарының өндірісіндегі іс бойынша шенеуніктерден тек жауап алынғанын және бұл процесте оларға өздерінің адвокаттық кеңсесі қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді. 

«Қала әкімі де, оның орынбасары да қамауға алынған жоқ және қазіргі уақытта олар өз жұмыс орындарында қызметін жалғастырып жатыр», — деді қорғаушы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақжайық» басылымы ғимарат алдынан қала әкімін арнайы қызмет өкілдері алып кеткені және оның орынбасары ұсталғаны туралы жазған еді.