Астанада тұрғын үйдің ауласында атыс дауысы естілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнына полиция шақырылып, жанжалға қатысқан адамдардың барлығы ұсталған, деп хабарлайды ult.kz.
«За нами уже выехали» тelegram арнасы таратқан ақпарат бойынша атыс болғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері барған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аулада алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жастар болған. Олар айналасындағыларға тиісіп, жанжал туғызатын жағдайда болған.
Полицияның мәліметінше, тұрғындардың бірі жағдайды тоқтатуға тырысып, газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан. Оқиғаға қатысқан барлық адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.