Астанада халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген 46 жастағы Өзбекстан азаматы Иқболжон Қорабоев тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынған, деп хабарлайды ult.kz.
BBC-дің өзбек қызметі хабарлауынша, Қорабоев Максұт Нәрікбаев атындағы университетте сабақ берген. Туыстарының айтуынша, оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша айып тағылған.
Туысының сөзінше, 3 шілдеде азаматтық киімдегі бірнеше адам профессордың үйіне келіп, оны алып кеткен.
Қорабоев Әндіжан қаласында туған. Ол Астанада әйелі және кәмелетке толмаған үш баласымен бірге тұрған.
Қылмыстық кодекстің 176-бабы тыңшылыққа, соның ішінде мемлекеттік құпияларды шетел мемлекетіне немесе ұйымына беру, жинау, ұрлау не сақтауға қатысты жауапкершілікті көздейді.
BBC журналистері профессордың ұсталуына қатысты ақпаратты бірнеше апта бойы зерттеген. Қазақстанның Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы Өзбекстан консулдығына сауал жолданғанымен, жауап болмаған.