Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқан 29 жастағы ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, ол автокөлік ішінде отырып, ауаға екі рет оқ атқан. Тексеру кезінде ер адамның мас күйде болғаны анықталды.
Сот шешімімен құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қаруды заңсыз сақтау және алып жүру фактісі бойынша материалдар сотқа жолданды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген заңсыз әрекет заң аясында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.