Астанада көлік Есілге түсіп кетті

Астанада көлік Есілге түсіп кетті
Видеодан кадр: Астана ТЖД

Астананың Сарайшық ауданында жеңіл көлік Есіл өзенінің арнасына түсіп кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің электрондық жүйесіндегі ақау жол-көлік оқиғасына себеп болған. Салонда жүргізуші мен жолаушы болған. Екеуі де көліктен өздігінен шыққан.

Көлікті судан шығару үшін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының мамандары келген. Сүңгуірлер судағы жағдайды тексеріп, құтқарушылар автокөлікті кранның көмегімен өзеннен алып шыққан.

Көлік иесі құтқарушыларға жедел көмегі үшін алғыс білдірді.