Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан үш жолаушы жарақат алды. Оқиға 28 қазанда болған, деп хабарлайды ult.kz.
Полицияның мәліметінше, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус қағып кеткен. Жүргізуші шұғыл тежеуге мәжбүр болғандықтан, салонда отырған үш жолаушы дене жарақатын алған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.