Астанада 55 жастағы ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсады

Астанада 55 жастағы ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсады
Пышақтап кеткен. Шымкенттік түнгі клубта төбелес болды

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде отбасылық жанжал соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзіне қол жұмсаған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға ерлі-зайыпты арасындағы жанжал кезінде болған. Көршілердің айтуынша, қайғылы жағдай 12 және 14 жастағы екі баласының көзінше болған.

Аталған факті бойынша адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.