Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді

«Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді

Елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Айта кетейік, елордада өтіп жатқан көрме-конференцияда компанияның өткен жылғы жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтылып жатыр.