Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі кімдерге беріледі?

«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі кімдерге беріледі?


Қазақстанның бас санитар дәрігенің жаңа қаулысы бойынша санитарлық талапты сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілмек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қоғамдық тамақтану нысандары, караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, спорт кешендері (іс-шаралар), сауналар, фитнес-орталықтар, бассейндер, театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдар, океанариум, жабық кешендегі балалардың ойын-сауық орталықтары, цирктер 2 апта ішінде 2 мыңнан астам тіркеу жасауы тиіс. Басқа облыстарда 2 аптада 1 мыңнан астам тіркеу жасаулы керек. 

Ал бильярд клубтары, боулинг клубтары, СПА-орталықтар, қонақ үйлер, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан қонақ үйлер 2 апта ішінде 1 мың тіркеу жасауы қажет. Қалған облыстарда-екі аптада 500-ден астам тіркеу жасалуы шарт.

«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру өлшемшарттары 

№ 

Объектілер/салалар 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары 

Облыстар 

1. 

Қоғамдық тамақтану объектілері, 

караоке, 

компьютерлік клубтар, 

лотерея клубтар, 

спорттық кешендер (іс-шаралар), сауналар, фитнес- орталықтары, бассейндер, 

театрлар, филармониялар, концерт залдары, 

кинотеатрлар, 

көрмелер, 

туристік тасымалдар, 

океанариум, 

балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер 

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу 

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу 

2. 

Бильярд клубтары, 

боулинг клубтары, 

СПА-орталықтары, 

дайындықтар, 

отельдер, қонақүйлер 

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу 

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу 

Аталмыш қаулыда санитарлық талапты қалтқысыз сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілетіні айтылған.