Асаба күйеу баланың қайын жұртына иіліп сәлем салуын сынады

Асаба күйеу баланың қайын жұртына иіліп сәлем салуын сынады
Коллаж: видеодан кадр

Қазақстандық асаба Берік Әлібаев соңғы уақытта ұзату тойларында жиі байқала бастаған бір әдетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, кей ұзатуларда күйеу жігіт қалыңдығын алып кетер сәтте қайын жұртына арқасын беріп, кейін көпшілікке қарай бұрылып, иіліп сәлем салатын болған.

Асаба бұл әрекетті түсініксіз әрі орынсыздау әдет деп санайды.

«Жігіт те, қыз да үндемей кете берсе. Жігіт қайын жұртына алғысы шексіз болса, оны отбасы болғаннан кейін жақсы жағынан көрсете берсін», – дейді Берік Әлібаев.

Алайда бұл пікірмен келіспейтіндер де бар. Кей азаматтар күйеу баланың қыздың ата-анасына иіліп сәлем салып, алғыс білдіруін оның тәрбиесі, мәдениеті мен қайын жұртын құрметтеуінің белгісі деп бағалайды.