Арыс әскери бөлімнің қоймасында қуатты жарылыс болды (Видео)

Арыс әскери бөлімнің қоймасында қуатты жарылыс болды (Видео)

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өртке ұласқаны туралы хабар түскен.

Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 30 адам және 8 өрт сөндіру көлігі аттанды.

Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Желіде куәгерлер түсірген видео жарияланған.