Ақтөбе облысында немересі мен оны құтқармақ болған атасы суға кетті , деп хабарлайды ult.kz.
Sputnik.kz мәліметінше, қайғылы оқиға Бестамақ ауылында болған.
Куәгерлер Елек өзенінен 61 жастағы ер адамның және 17 жастағы бозбаланың денесін алып шыққан.
Полиция мәліметінше, бозбала судың таяз жерімен өзеннен өтпек болғанда, су астындағы шұңқырға құлап кеткен.
Бұл учаскеде «Шомылуға тыйым салынады» деген белгі орнатылған.
Немересін құтқармақ болған атасы суға секіріп, ол да батып кеткен.