АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың мәйіті елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, 25 маусым күні марқұмның денесі Қазақстанға жеткізілген. Нью-Йорктегі Қазақстанның Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, мәйітті отанына тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдескен.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та жүрген Қазақстан азаматының із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ол үйінен құжаттары мен ақшасын алмай шығып кеткен. Кейіннен қазақстандықтың қаза тапқаны ресми түрде расталды.