Freedom Inside '26

АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
ашық дереккөз

АҚШ пен Иран көпжылдық текетіресті реттеуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдыдеп хабарлайды ult.kz. 

Құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран президенті Масуд Пезешкиан қол қойған. Келісімге қол қою рәсімі Франция президенті Эммануэль Макрон ұйымдастырған сарайдағы кешкі ас барысында өткен.

Меморандумның күшіне енгенін алғаш болып келіссөздерде делдалдық жасаған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф хабарлады. Оның мәлімдеуінше, құжат қол қойылған сәттен бастап күшіне енген.

Меморандум 14 тармақтан тұрады. Негізгі келісімдердің қатарында әскери іс-қимылдарды тоқтату, Ормуз бұғазын ашу және миналардан тазарту, АҚШ санкцияларын алып тастау, Иран активтерін бұғаттан шығару, сондай-ақ алдағы 60 күн ішінде толыққанды келісім әзірлеу мәселелері бар.

Бұдан бөлек, тараптар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша қазіргі жағдайды Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бақылауымен сақтауға және Ливанның аумақтық тұтастығын қолдауға келіскен.

Шахбаз Шарифтің айтуынша, меморандумның алғашқы қадамы ретінде Иран Ормуз бұғазын қайта ашады, ал АҚШ теңіз блокадасын тоқтатады.

Құжатқа қол қойылғанын Вашингтон мен Тегеран билігі де растаған.