Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақмола облысында пойыз қағып кеткен ер адам оқиға орнында көз жұмды

Ақмола облысында пойыз қағып кеткен ер адам оқиға орнында көз жұмды
zarechnay.ru

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк пойызы теміржол бойында келе жатқан ер адамды қағып кетті. Ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы жағдай 19 қараша күні күндіз Шортанды мен Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиғаға байланысты Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

«Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген ведомство хабарламасында.

Осы орайда Көліктегі полиция департаменті тұрғындарға теміржолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті.