Антарктикада температура алғаш рет 20 градустан жоғары көтерілді

Антарктикада температура алғаш рет 20 градустан жоғары  көтерілді

Антарктикада температура алғаш рет 20 градустан жоғары көтерілді, деп хабарлайды The Guardian бразилиялық ғалымдарға сілтеме жасап.

20,75 градусқа жеткен рекорд 9 ақпанда Сеймур аралында тіркелген. Басылым рекордтық үрдісті растап отыр: суық құрлықтағы және жақын маңдағы аралдардағы жылымық әлдеқайда тез болып жатыр.

Эсперанса аргентиналық ғылыми-зерттеу стансасы 6 ақпанда Антарктидада метеобақылау тарихында алғаш рет ең жоғары температураны тіркеді. Ол 18,3 градус нөлден жоғары болған.