Белгілі журналист әрі тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында анасына қатысты жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
«Анашым, өтінемін, өмір сүрші! Менің жанымдағы ауыртпалықты ешкім ешқашан түсінбейді! Менің сезініп жүргенімді ешкім ешқашан сезіне алмайды! Анашым – менің өмірім! Менің енді сенен басқа ешкімім жоқ. Жоқ! Сені жоғалтуға дайын емеспін. Анашым, өтінемін, өмір сүрші!» – деп жазылған жарияланымда.

Сонымен қатар ол өзіне өте ауыр екенін жеткізді.
«Егер сен кетіп қалсаң, мені де өзіңмен бірге алып кет. Мен әкем екеуіңе ән айтып беремін. Анашым, маған өте ауыр. Қалшы, өтінемін!», - деді ол.

Бұған дейін Анна Данченко анасының кенеттен ауруханаға түскенін айтып, көпшіліктен дұға етуді сұраған еді. Ол сол кезде анасының қасында болу үшін жолға шыққанын және алда 22 сағаттық жол бар екенін жазған.
Тележүргізуші бұған дейін де анасының денсаулығына қатысты алаңдаушылығын бөліскен. 2023 жылы ол анасының жансақтау бөліміне түскенін, ауқымды инфаркт алғанын хабарлаған.