Алтынай Жорабаеваның тұрмыс құрған қызы тағы сынға қалды

Алтынай Жорабаеваның тұрмыс құрған қызы тағы сынға қалды
Коллаж: видеодан кадр

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты сәтпен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі ата-әжесінің жиен немересін көріп, ерекше толқығанын жазды. Оның айтуынша, олар сәби әлі кішкентай болғандықтан, алаңдап жүрген.

«Атасы мен апасы жиен немересін көріп, жылап қалды. “Жаным, әлі кішкентай ғой…” деп уайымдап жүрген еді ғой. Көріп, көңілдері орнына түскендей болды», – деп жазды әнші.

Алайда жазбаға пікір білдірген желі қолданушылары төркіні қонаққа келгенде шай құйған жаңа түскен келінді сынға алды.

Кейбірі қыздың өз төркіні келгенде қызмет көрсеткенін жөнсіз деп санаса, енді бірі мұндай салттың өңірге қарай әртүрлі болатынын атап өтті.

«Негізі, дұрыс емес. Жаңа түскен келінді төркініне шай құйғызғаны. Басқа келіндер бар ғой», – деп жазды қолданушылардың бірі.

Тағы бір желі қолданушысы: «Маңғыстауда төркіні келгенде қыздарына шай құйғызбайды, әдемі киіндіріп, қастарына отырғызады. Өз төркініне шай құйғызып қойғаны ұят емес пе?» – деп пікір білдірді.

Ал тағы бірі: «Шай құйғызып қойғаны несі төркініне? Дым көрмеген сияқты», – деп жазды.