Алматының 35 көшесіне жөндеу жүргізіледі

Алматының 35 көшесіне жөндеу жүргізіледі

Кестеге сәйкес, бүгін Алматының 35 көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі. 

Алатау ауданы: Хасан Оралтай, Жұмабаев, Барыс, Түймебаев, Красноармейская, Әуезов көшелері мен Рысқұлов даңғылы.

Жетісу ауданы: Жансүгіров, Серіков, Ратушный, Сүлейменов көшелері.

Әуезов ауданы: «Алтын бесік», «Атамекен» ықшамаудандары мен Пятницкий көшесі.

Наурызбай ауданы: Нұрпейісов, Тәжиев, Мұсабаев, Сланов көшелері, мешіт.

Алмалы ауданы: Досмұхамедов, Нұрмақов, Жұмалиев және Исаев көшелері.

Медеу ауданы: Талғар тас жолы, Омаров көшесі, әл-Фараби даңғылы, Қонаев көшесі. 

Түрксіб ауданы: Ержанов, Папанин, Айша бибі, Енисейская көшелері.

Бостандық ауданы: Ә.Кекілбайұлы, Н.Тілендиев, Навои және Өтепов көшелері.

Күнделікті жөндеу жұмысына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылады. Алматының 26 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше саны - 385, олардың ұзындығы 1 150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1 946,8 шақырым.