Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға тіркелді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел көз жұмған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растаған.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, марқұм осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпарат бойынша, соңғы уақытта оның жеке өмірінде қиындықтар болған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтауда.