Алматыдағы қатаң шектеу шаралары қандай жағдайда алынады?

Алматыдағы қатаң шектеу шаралары қандай жағдайда алынады?


Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин шектеу шаралары қандай жағдайда алынатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, басты міндет- халықтың иммундық қабатын қалыптастыру.

«Біздегі шектеу шараларын алып тастау үшін, тұрғындардың 70-80%-ы вакцина алуы керек. Тек сол кезде біртіндеп шектеу шараларын алып тастай аламыз», - деді Бекшин. 

Сонымен қатар, ол қазір Алматы «қызыл» аймақта, жағдай шиеленісіп тұрғанын атап өтті.