Алматыда жыл басынан бері 28 адам қызылша ауруымен ауырған

 Алматыда жыл басынан бері 28 адам қызылша ауруымен ауырған

Алматыда жыл басынан бері қызылша ауруының 28 дерегі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көбінесе науқастардың 82 %-ы 3 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, 20-29 жас аралығындағы ересек адамдар да ауырған», - деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, қызылша ауруы былтыр сәуір-маусым аралығында, қараша айларында өршіген. Қызылшаны көбіне екпеден бас тартқан адамдар жұқтырған.