Алматыда жоғалып кеткен 14 жасар қыз басқа қаладан табылды

Алматыда жоғалып кеткен 14 жасар қыз басқа қаладан табылды


Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз Зоя Юркова Есік қаласынан табылды. Бұл туралы LIDER.KZ қауымдастығының еріктілері Instagram-парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"18.09.2021 жылы сағат 02.23-те еріктілер іздестіру жұмыстарын тоқтатып, Алматыға шықты. Қызды Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Есік қаласында тапты. Тірі, аман-сау ата-анасына тапсырылды, енді міндетті түрде үйіне - Қарасай ауданына барады.

Іздеуге қатысқан және ақпарат таратқан барлық адамға алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.


Еске салайық, оқушы қыз 16 қыркүйекте кешкісін жоғалып кеткен. Ол Докучаев көшесі, 91а мекенжайында орналасқан №91 мектептен шыққан. Осы кезге дейін оның қайда екені белгісіз болды.