Алматыда жасөспірім қыз із-түзсіз жоғалды

Алматыда жасөспірім қыз із-түзсіз жоғалды
instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда 16 жастағы Норицина Маргарита Сергеевна жоғалып кетті. Қазір оны еріктілер мен полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Lider.kz еріктілер ұйымының мәліметінше, 2010 жылғы 27 шілдеде туған қыз 23 тамыз күні сағат 17:15 шамасында Алмалы ауданындағы Төле би көшесі, 189/3, 3-корпустағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы 166-170 сантиметр, дене бітімі арықша, шашы қара әрі ұзын.

Жоғалған сәтте үстінде ақ жолақтары бар сұр түсті спорттық костюм, аяғында қара түсті аяқ киімі болған. Қыздың жанында қара рюкзагы мен ұялы телефоны болған.

Еріктілер Маргаританы көрген немесе оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды дереу хабарласуға шақырады.