Алматыда үнді штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады

Алматыда үнді штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады


Алматыда «дельта» штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қалада соңғы 10-14 күн ішінде инфекция деңгейінің «көлденеңінен» көтерілуі байқалды. Егер басында «дельта штамм» жалпы ауру жұқтырылғандардың 23%-ын қамтыса, бүгінде бұл көрсеткіш 78%-ға жетті. Бұған дейін, тәулігіне 144 ауру жұқтыру дерегі тіркелсе, бүгінде ол 305-ке жеткен. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігінде ауру белгісі бар, ал симптомы білінбейтіндер - небәрі 23 адам», - деді ол. 

Әкім орынбасары қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды вакциналауға шақыру маңызды екенін де айтты.