Freedom Inside '26

Алматыда тағы бір дрифтер жазаланды: көлігі айып тұрағына әкетілді

Алматыда тағы бір дрифтер жазаланды: көлігі айып тұрағына әкетілді
depositphotos.com

Алматыда сауда орталықтарының бірінің автотұрағында қауіпті дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның көлігі арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 28 жастағы қала тұрғынын Жетісу аудандық полиция қызметкерлері анықтап, ұстаған.

Жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар оның автокөлігі арнайы айып тұрағына жеткізілді.

Полиция қоғамдық орындарда, автотұрақтарда және ортақ пайдаланылатын жолдарда дрифт жасау айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертіп, мұндай заңбұзушылықтарға қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін де Алматыда түнгі уақытта BMW автокөлігімен дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.