Алматыда қазақстандық өндірістегі MG автокөліктері көпшілік назарына ұсынылды

Алматыда қазақстандық өндірістегі MG автокөліктері көпшілік назарына ұсынылды

Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына арналған салтанатты қабылдауда Қазақстандағы Allur зауытында шығарылатын MG 5 седаны мен MG RX9 жеті орындық кроссовері көрсетілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Іс-шара 22 қыркүйекте Алматыдағы InterContinental Almaty қонақүйінде Қытай консулдығының қатысуымен өтті. Жиынға дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық және қытайлық компаниялар, сондай-ақ отандық бизнес қауымдастығы қатысты. Кездесудің басты тақырыптарының бірі Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту болды.

Таныстырылған көліктер жүргізушілердің әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделген. MG 5 кең салоны мен сыйымды жүксалғышы бар қалалық седан ретінде ұсынылады. Көлік LED жарықтандыру жүйесімен, Apple CarPlay және Android Auto функцияларын қолдайтын мультимедиялық жүйемен, артқы көрініс камерасымен және тұраққа қою датчиктерімен жабдықталған. Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, көлікте орындықтарды, рөлді, алдыңғы әйнекті және әйнек жуғыш бүріккіштерін жылыту жүйесі қарастырылған.

Ал MG RX9 – брендтің флагмандық жеті орындық кроссовері. Ол қуаты 214 ат күшіне тең екі литрлік турбоқозғалтқышпен, тоғыз сатылы автоматты беріліс қорабымен және толық жетек жүйесімен жабдықталған. Үш қатарлы салон жеті жолаушыға арналған, сондықтан көлік күнделікті пайдалануға да, отбасылық сапарларға да қолайлы.

Қазақстан нарығына арналған екі модель де Қостанайдағы Allur зауытында шығарылады. Жергілікті өндірістің іске қосылуы MG брендінің еліміздегі қатысу аясын кеңейтудің маңызды кезеңдерінің бірі болды. Автокөліктерге 5 жыл немесе 150 мың шақырым жүріске дейін кепілдік беріледі. Кепілдік бағдарламасы негізгі тораптар мен агрегаттарды, сондай-ақ аспа элементтерін қамтиды.

Қазіргі таңда бренд Қазақстандағы дилерлік желісін кеңейтіп, модельдік қатарын дамытуды жалғастыруда. Компания британдық мұраны, заманауи технологияларды және жергілікті нарық талаптарына бейімделген шешімдерді ұштастыруға басымдық береді.

MG автокөліктері, арнайы ұсыныстар мен дилерлік орталықтар туралы толық ақпаратты MG Kazakhstan ресми сайтынан және 3388 қысқа нөмірі арқылы алуға болады.