Алматыда ойын алаңында 41 жастағы әйел кішкентай баланы соққыға жықты

Алматыда ойын алаңында 41 жастағы әйел кішкентай баланы соққыға жықты


Алматыда балалар ойын алаңында бір әйел баланы соққыға жықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 6 шілде күні Алматы қаласы Бостандық ауданындағы «Наурыз» тұрғын үй кешенінің ауласында болған. 

«Ойын алаңында 1980 жылы туған әйел 8 жасар баланы ұрып тастады. Ол оның қабырғасынан, басынан, кеудесінен ұрып, буындырды. Көршілері әрең ажыратты. Содан кейін ол баланы қорғаған әйелдерге тап берді», - деп жазды Facebook қолданушысы Жанна Ахметова. 

Полиция департаменті аталған деректің тіркелгенін мәлім етті.

«Бұл мәселе назарда. Барлық қатысушылар бүгін шақырылады. Тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша шаралар қабылданады», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.